Avent SCF330/11 User Manual Page 43

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 108
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 42
43

Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips AVENT компаниясына қош келдіңіз!
Philips AVENT ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome
сайтында тіркеңіз.
Philips AVENT сүтті қолмен сору құралы істі орындау барысында ыңғайлы жайласып отыруға
мүмкіндік беретін бірегей дизайнға ие. Жұмсақ массаж жастығы* жұмсақтық пен жылылықты
сезінуге және балаңыздың ему әрекетін қайталап, жылдам сүт ағынын жайлап, ыңғайлы және
нәзік түрде қамтамасыз етуге арналған. Сору құралы ықшам, оңай құрастырылады және барлық
бөліктерді ыдыс жуғышқа салуға болады және құрамында бисфенол-А заты жоқ.
Денсаулық сақтау мамандары емшек сүтінің балалар үшін бірінші 6 айдан кейін бүтін тағаммен
біріктіргенде бірінші жылы өте жақсы тағам екендігін айтады. Емшек сүті бала қажеттілігі үшін
арнайы түрде бейімделген және құрамында инфекция мен аллергиядан қорғауға көмектесетін
антибиотиктер бар.
Сүтті сору құралы сізге ұзағырақ емізуге мүмкіндік береді. Өзіңіз емізе алмайтын уақытта да,
балаңыз сүтіңізді еме алуы үшін, сүтті сауып, сақтауға болады. Сүтті сору құралы ықшам әрі
пайдалану үшін бөлек, оны кез келген жерге өзіңізбен бірге алып шығуға, осылайша сүт қорын
сақтай отырып, өзіңізге ыңғайлы уақытта сүтті саууға болады.
*Осы сүтті сору құралымен берілген жастық көптеген аналарға шақ келетіндей етіп әзірленген.
Дегенмен, үлкенірек емізіктер үшін қажет болғанда жастықты бөлек сатып алу керек.

1 Тұтқа
2 Өзекшесі бар силикон диафрагма
3 Сүтті сору құралының корпусы
4 Массаж жастығы
5 Қақпақ
6 Ақ клапан
7 Philips AVENT табиғи бөтелкесі
8 Жапқыш
9 Бұрандалы сақина
10 Емізік ұшы
11 Тығыздағыш диск
12 Сақтау шыны аяғының қақпағы (тек SCF330/12)
13 Philips AVENT сақтау шыны аяғы (тек SCF330/12)
14 Адаптер (тек SCF330/12)

Сүтті сору құралын пайдаланбастан бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып,
болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.

- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану нұсқауларынсыз,
физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі
аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл сүтті сору құралын қолданбауы керек.
- Балалардың сүтті сору құралымен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Пайдаланбастан бұрын, сүтті сору құралында зақым белгілерінің жоқтығын тексеріңіз. Сүтті
сору құралы дұрыс жұмыс істемесе, оны пайдаланбаңыз.
- Жүкті кезде сүтті сору құралын ешқашан пайдаланбаңыз, себебі сору босану процесін
қиындатуы мүмкін.

Page view 42
1 2 ... 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 ... 107 108

Comments to this Manuals

No comments