Avent SCF330/11 User Manual Page 48

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 108
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 47

Осы сүтті сору құралына қосалқы құралдар сатып алу үшін, www.philips.com/shop мекенжайы
бойынша біздің веб-торабымызға кіріңіз. Қосалқы құралдарды сатып алу кезінде қандай да бір
қиындықтарға тап болсаңыз, өз еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз. Оның байланыс мәліметтерін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табуға болады.
Сондай-ақ, мына веб-торапқа кіруге болады: www. philips.com/support.

Егер сізге қызмет немесе ақпарат керек болса, немесе сізде шешілмеген мәселе болса,
Philips AVENT компаниясының www.philips.com/support веб-торабына кіріңіз немесе еліңіздегі
Philips тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз. Оның телефон нөмірін дүниежүзілік
кепілдік кітапшасынан табуға болады. Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған
жағдайда, жергілікті Philips AVENT дилеріне хабарласыңыз.

Бұл тармақта сүтті сору құралын қолданғанда жиі кездесетін проблемалар талқыланады.
Проблема төменде берілген ақпарат арқылы шешілмесе, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз немесе www.philips.com/support веб-торабына кіріңіз.
Проблема Шешімі
Сүтті сору құралын
пайдаланғанда
ауруды сезінемін.
Сүтті сору құралын пайдалануды тоқтатып, емізу бойынша
кеңесшімен ақылдасыңыз. Сүтті сору құралы емшектен оңайлықпен
алынбаса, емшек пен массаж жастығының арасына немесе емшек пен
сүтті сору құралының түтігі арасына саусақты кіргізу арқылы ауа
кіргізу керек болуы мүмкін.
Сүтті сору құралы
шытынаған.
Жиі пайдаланған жағдайда, кейбір аз жарықтар қалыпты болып
табылады және ешқандай проблема тудырмайды. Дегенмен, сүтті
сору құралының бөлігі қатты шытынаса немесе жарылса, оны
пайдалануды тоқтатып, Philips тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз немесе қосымша бөлік алу үшін www.philips.com/shop
веб-торабына кіріңіз. Тазалау заттары, зарарсыздандыру сұйықтығы,
жұмсартылған су қосындылары және температура өзгерулері белгілі
бір жағдайларда пластмассаның сынуына әкеледі. Пластмассаны
зақымдайтындықтан, өткір немесе бактерияға қарсы тазартқыш
заттарды пайдаланбаңыз.
Сүтті сору
құралының түсі
өзгерген.
Сүтті сору құралын әлі де пайдалануыңызға болады. Қосалқы
бөлшектерді алу үшін, еліңіздегі Philips ұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз немесе қосымша бөлшектер алу үшін
www.philips.com/shop веб-торабына кіріңіз.
Ешқандай соруды
сезінбеймін.
Сүтті сору құралын қайта құрастыру үшін, «Пайдалануға дайындау»
тарауындағы қадамдарды орындаңыз. Массаж жастығының сүтті сору
құралы сақинасының айналасына мықтап бекігенін және ақ клапанның
орнына бекігенін тексеріңіз.
48
Page view 47
1 2 ... 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 ... 107 108

Comments to this Manuals

No comments